ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Ақтөбе қаласы, "М.Ғабдуллин атындағы &70 жалпы білім беретін орта мектеп"КММ 2023-2024 оқу жылына төмендегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды
ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ақтөбе қаласы, "М.Ғабдуллин атындағы &70 жалпы білім беретін орта мектеп"КММ 2023-2024 оқу жылына төмендегі бос лауазымдарға конкурс жариялайды:2023-2024 оқу жылына бос педагог қызметіне жарияланған бос орындар:
✅ Мектепалды даярлық тәрбиешісі 1 бірлік (тұрақты);
✅ Ұзартылған күн тобының тәрбиешісі -1 бірлік ( уақытша - бала күтіміндегі қызметкерлердің орнына)
" М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ-сінде педагогтерді конкурстық негізде жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының (22.12.2022 N513 өзгерістерімен) талаптарына сәйкес жүргізілетінін хабарлайды.
Мектепке бос лауазымдар туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталығының "Enbek.kz" сайтына, мектептің инстаграм "70.mektep", мектеп сайт парақшаларынан көруге болады;
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі
(25.09 - 03.10.2023 дейін);
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам қағиданың 107 тармағына сәйкес хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдай алады:
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ:
1. Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6. "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту
туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 21579 болып тіркелген).
7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог- модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Ақтөбе қаласы «Мәлік Ғабдуллин атындағы 70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-сі «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығы негізінде мектептегі бос және (немесе) уақытша бос лауазымына КОНКУРС жариялайды.
Мектептегі бос лауазымдар:
❖ Математика пәнінің мұғалімі - 20 сағат, уақытша орынға;
Мектептегі педагогтың бос лауазымы туралы ақпарат жұмыспен қамту орталығының «enbek.kz» электрондық еңбек биржасы сайтында, мектептің «70zhobbmektep.edu.kz” ресми сайтында мектептің инстаграмм “70.mektep” парақшасында жарияланды.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 16-24 қазан күндері аралығында жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі реттегі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды.
ҚҰЖАТТАР ТІЗІМІ⬇️⬇️⬇️ 1) осы Қағидаларға 15- қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса)
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде
90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты
немесе педагог-модератордың, немесе педагог-
сарапшының, немесе педагог-зерттеушнің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты
(Certificate in English Language Teaching to Adults.
Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS
(IELTS) - 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке
негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер жене өндірістік оқыту шеберлері
лауазымдарына педагогикалық, кызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер
сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің
бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттын
толтырылған багалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы- 720
× 480.
Жоғарыда керсетілген тізбедегі құжаттарды жинап, https://hr-nobd.edu.kz модульне тіркеліп,
құжаттарыңызды осы модульге орналастырасыздар.
(Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы, Көкпекті 2), е-
mail: 70 mektep@aktgoroo.kz, ұялы телефоны: 8-7132-44-29-32