Класс жетекшілер жиналысы

"М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ -де ДТІЖО Акмарал Боранбаевнаның ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылындағы тәрбие жұмысының үш құндылық бойынша жұмыс жасау барысын түсіндіру, әдістемелік көмек беру мақсатында сынып жетекшілер отырысы өткізілді. Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:
«Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (ПО БҒМ 12.01.2016 ж. №18 бұйрығы, 31.05.2022ж. №251 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен).
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша түсіндіру;
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» бойынша мектепішілік тәрбие жоспары мен сынып жетекшілердің тәрбие жоспарын құрудағы ерекшеліктер;
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Отырыс барысында түсінік хат, мақсат пен міндет, күтілетін нәтиже, ұлттық құндылықтар: ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ, АР-ҰЯТ, ТАЛАП, бағдарлама аясында жүзеге асырылатын жобалар, тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар талқыланды.




