Школьная форма

Қазақстан Республикасы Білім мен ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына сәйкес 2023-2024 оку жылында Ақтөбе қаласының "Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп" КММ-нің білім алушылары үшін 1-11 кластарда бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптар:
Ер балалар: қою көк түсті жилет, қою көк түсті пиджак, галстук; классикалық үлгідегі қою көк түсті шалбар ( тобықтан төмен болу міндетті) ; ақ түсті жейде аяқ киімі классикалық қара түсті. Қыз балалар: қою көк түсті жилет, галстугы қою көк түсті, қою көк түсті юбка (тізеден 5-7 см төмен болуы міндетті); жейдесі ақ түсті; аяқ киімі классикалық қара түсті.
Дене шынықтыру сабағына: 1-11 кластар үшін ақ футболка; қара трико; Спорттық аяқ киім (кроссовка) ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ Мектеп оқушысына тән міндетті қосымша белгілер: ЕР БАЛАЛАР: Мектеп формасын қатаң сақтауы тиіс; Шаштары қысқа үлгіде алынған болуы керек. Шашын өсіруге, бұйралауға, түрлі- түске бояуға; Спорттық аяқ-киім киюге.
ҚЫЗ БАЛАЛАР: Мектеп формасын қатаң сақтауы, қысқа юбка киюге ( тізеден төмен ұзындық болуы керек) Шашын түрлі - түсті етіп бояуға, жаюға; (шаштары екі жаққа өрілген, ақ бантик тағу керек); Боянуға, тырнақ бояуға; (тырнақтары алынған, ешқандай косметикалык бояу қолданбауы тиіс) Әшекей тағуға; Спорттық аяқ-киім киюге; Тырнақ, кірпік, шаш табиғи түрде болуы, басқа түске боялмауы және жасанды жолмен ұзартылмауы қатаң түрде талап етіледі. МЕКТЕПТЕ ДІНИ КИІМДЕР МЕН ДІНИ АТРИБУТТАР КИЮГЕ ТИЫМ САЛЫНАДЫ.