Мерекелік іс-шаралар

«М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де 1 қыркүйек Білім күніне орай «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиын өткізілді. Жиыннан кейін 1 қыркүйек Білім күніне орай 1-11 кластарда «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

«М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де Тілдер мерекесі қарсаңында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына орай «Ана тілім- асыл мұрам!» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушыларға көрме барыснда қойылған кітаптар туралы мәліметтер берілді. Оқушылар Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларын оқыған кітаптары туралы түсініктерін айтты.


«М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де Денсаулық күніне орай дене шынықтыру бірлестігі мұғалімдері ұйымдастыруымен «Рухы биік, дені сау ұрпақ – болашақ бастауы» атты денсаулық фестивалі өткізілді. Денсаулық фестивпальі мектеп ауласында өткізілді. Фестивальға мектеп оқушылары мен ұстаздары белсенділікпен қатысты.



«М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де әр дүйсенбі сайын кезекті жиын өткізіледі. Жиын барысында білім, спорт, өнер бойынша мектепішілік, қалалық, облыстық, республикалық байқаулардан жүлделі орын алған оқушылар марапатталады. Сонымен қатар оқушылардың тәртібі мектеп ережесі туралы ақпараттар беріледі. Оқушылардың сабаққа қатысымы, сабаққа кешікпеулері туралы айтылады. Сонымен қатар, жиын барысында апта бойы өткізілетін іс-шаралар жоспары таныстырылады.



«М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де тәрбие бөлімінің жоспарына сәйкес Отбасы күніне орай құрылған «Отбасы – бақыт мекені» апталық жоспары негізінде
1-4 класс оқушылары арасында аясында «Отбасымызбен бірге кітап оқиық» бейнебаяндар шеруі өткізілді. Әр класс бейнебаяндар шеруіне белсенділікпен қатысты.

«М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – жарық күні ғаламның» атты мерекелік кеш өткізілді. Кеш барысында мектеп директоры Д.Н. Кудайбергенов ұстаздар қауымын ұстаздар қауымын құттықтап, тілек білдірді. Сонымен қатар, ұстаздарға Ақтөбе Облысының білім басқармасы атынан, Облыстық кәсіподақ ұйымы атынан, Қалалық білім бөлімінен және мектепішілік алғыс хаттар табысталды.





«М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп»
КММ –де 25 қазан Республика күніне орай 1-11 класс оқушыларына
«Тұғыры биік – Отаным» тақырыбында бірыңғай класс сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін бойына сіңіру. Республика күнінің маңызын түсіндіру.