Құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстары
2022 жылдың 1 қыркүйек күні «М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де №4 қалалық полиция бөлімінің тергеу қызметкерлері оқушыларға қылмыстық жауаптылықтың қай жастан басталатынын, есірткіге қарсы күрес және қылмыстың құрбаны болмау жолдары туралы түсіндерме жұмыстарын жүргізді.

2022 жылдың 15 қыркүйек күні «М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де мектеп инспекторы Д.Ж.Баймағамбетованың қатысуымен «Мектептің ішкі тәртібі», «Ұсақ құқықбұзушылыққа жол жоқ» тақырыптарында 8 класс оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушыларға мектептің ішкі тәртіп ережесі туралы айтылды, оның ішінде мектепке суық қару, үшкір заттар т.б әкелуге болмайтындығы айтылып өтті. Сонымен қатар,ұсақ құқық бұзушылық туралы ақпараттар берілді (ұрлық жасамау, біреудің затын рұқсатсыз алмау, төбелес жасамау, т.б).

2022 жылдың 22 қыркүйегінде «М.Ғабдуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де тәрбие бөлімінің апталық жоспарына сәйкес 2022 оқу жылының 22 қыркүйегі күні мектеп директоры Д.Н.Кудайбергеновтің қатысуымен 8-11 класс ер балаларына арасында «Құқық бұзушылықтың алдын алу және есірткіге жол жоқ» тақырыбында Алматы ауданы №4 ҚПБ ЖПҚ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Б.А.Үкібай және полиция аға лейтенанты Ж.Г.Түменбаевпен кездесу ұйымдастырылып, профилиактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алматы ауданы №4 ҚПБ ЖПҚ КТІЖ УПИ полиция аға лейтенанты Б.А.Үкібай оқушылар арасында бөгденің затына қол сұғушылық және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз сағат 22.00-ден таңғы 06.00-ге дейін көшеде жүруі, ойын-сауық орындарында болуына тиым салынатыны және жолда жүру ережелері жөнінде айтып өтті.

«М.Ғабуллин атындағы №70 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –де 28.10.2022ж. күні жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп ұстаздарымен мектеп инспекторы бірлесе түңгі рейд жұмыстарын жүргізді. Түңгі рейд барысында мектепке, мөлтек ауданға қарасты дүкендер мен ойын-сауық орталықтары қаралды. Түңгі рейд кезінде кәмелетке толмаған оқушылар кездеспеді.

