«Тәлімгерліктің тәлім алушының кәсіби дамуына ықпалы» тақырыбында жас мамандарға тәлімгерлік ететін пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өткізілді.

🔰2025 жылдың 23 сәуір күні М.Ғабдуллин атындағы №70 ОМ -де «BILIM QAZYNA» КММ жоспарына сәйкес «Тәлімгерліктің тәлім алушының кәсіби дамуына ықпалы» тақырыбында жас мамандарға тәлімгерлік ететін пәні мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өткізілді.

Мақсаты: Жас мамандарды кәсіби қолдау және олардың педагогикалық құзыреттілігін арттыру мақсатында тәжірибелі мұғалімдердің тәлімгерлік қызметінің тиімділігін арттыру, тәлімгерлік тәжірибемен бөлісу, озық тәжірибе негізінде тәлімгерлік мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасау.

Алғы сөз кезегімен «BILIM QAZYNA» КММ әдіскері З.Б. Бекниязова және мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Ж.Мухамбетова сөз алды. Семинар аясында қаламыздағы №19, №70, №40, №61 мектеп тәлімгерлері өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарға жас ұстаздарға тәлімгерлік ететін 70 тәлімгер ұстаздар қатысты.